• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:00:22
Алматы
+12°
Орталық Африка Республикасы (ОАР) биткоинды заңды төлем құралы ретінде мақұлдап, кориптовлютаны ресми қабылдаған екінші мелмлекет атанды.
 
ОАР әлемдегі ең кедей елдердің бірі, бірақ гауһар, алтын және уранға бай.
 
Бұл ел Ресейдің жақын одақтасы. Елде ондаған жылдар бойы қақтығыстар болған.
 
"Заң шығарушылар биткоинді заңды төлем құралы ретінде қабылдауға бірауыздан дауыс берді. Бұл қадам – ОАР-ды әлемдегі ең батыл және көреген елдердің картасына енгізеді" делінген ОАР президенті баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
 
Сальвадор 2021 жылдың қыркүйегінде биткоинді ресми валюта ретінде қабылдаған алғашқы ел болған. Бұл қадамды көптеген экономистер, соның ішінде Халықаралық валюта қоры "қаржылық тұрақсыздық қаупін арттырды" деп сынаған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір