• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:45:42
Алматы
+35°

Италияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшісі Марко Альбертимен кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы  серіктестік мәселелері талқыланды.

Италия Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің тізіміне кіреді, сондай-ақ республиканың ірі инвесторларының бірі болып табылады. Бұл ретте Алматыда итальяндық капиталдың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын белсенді жұмыс істейді, ал ел бойынша олардың жалпы саны  280. Тараптар сондай-ақ Алматының индустриалды аймағында тамақ өнімдерін өндіру бойынша Италияның қатысуымен фуд-кластер құру перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай елшіліктің  екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және жаңа деңгейге көтеру үшін 30 бастама дайындап жатқаны атап өтілді. Мәселен, Алматыда Орталық Азия мен Кавказ өңірінде алғашқы итальяндық мәдени орталықтың ашылуы және қыркүйекте мәдени көрме өткізу жоспарланып отыр. Алматының бірқатар жоғары оқу орындарында студенттер итальян тілін үйренуде, Қазақстанда алғаш рет итальян тілін оқыту Алматы мектептерінің бірінде басталды.

Қала басшысы мен Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі  ағымдағы жылдың  маусымынан  бастап Алматы – Милан – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе қатынасының іске қосылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтып, туризмнің дамуына серпін беретініне сенім білдірді. Елші қалалар деңгейіндегі дипломатия халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға оң әсер бере алатынын атап өтті.

Елші Италия тарапының Алматыда креативті индустриялардың инновациялық орталығын құруды қаржыландыруға дайын екенін мәлімдеді. Марко Альбертидің айтуынша, ол Италиядан Қазақстанға инвестициялар ағынын едәуір ұлғайтуды өзінің міндеті деп санайды. Ерболат Досаев Алматы республикаға шетелдік инвестицияларды тарту үшін хаб бола алатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Тараптар Алматының индустриялық аймағында, бірінші кезекте тамақ өнімдерін өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындар құру перспективаларын   да   талқылады.

Алматы әкімі сондай-ақ осы жылдың ақпан айында қызметке кіріскен Индонезия елшісі Мохаммад Фаджрул  Рахманмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар Алматы инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Халықаралық туристік көрмеге қатысу үшін Алматыға келген  елші  жыл сайын 10 мыңға жуық қазақстандық келетін Алматы мен Бали арасында бауырлас  қарым-қатынас орнатуды ұсынды.

Қазіргі кезде қалада индонезиялық капиталдың қатысуымен 2 кәсіпорын жұмыс істейді. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 13,5 млн АҚШ долларын құрады, 2020 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 12,5%-ға артқан.

Кездесуге қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеует пен перспективалық бағыттарды атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір