07 Сәуір, 2022 NEWS
Көрнекі сурет
24 ақпаннан бері Қазақстанның аумағына Ресей Федерациясының 108 057 азаматы келіп, 99 975 ресейлік елден шыққан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында мәлім етті.
"Биылғы 24 ақпаннан 2 сәуірге дейін Ресей Федерациясының 108057 азаматы елге келіп, 99975-і кетті. Сонымен қатар, 2022 жылдың 3 айында РФ азаматтары үшін - 10158 ЖСН генерацияланды"- деп делінген жауапта.
Құзырлы органның ақпаратына қарағанда, ресейліктер Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап уақытша тұруға рұқсат алмай 90 тәулікке дейін болуға құқылы. Сондықтан Қазақстаннан кеткендер туралы дерек өзгеруі әбден мүмкін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір