05 Сәуір, 2022 NEWS
Фото: Holod.media
Мәскеулік демонстрант Ресей әскерінің шабуылынан қаза тауып, мәйіті көмілусіз көшеде шашылып жатқан Украинаның Буча қаласындағы құрбандарға құрмет ретінде артқа байлаулы қолымен жерде жатып наразылық акциясын жасады.
Демонстрант қолын артына байланған күйінде жерде етбетімен жатып суретке түскен. Наразылық білдірушінің фотолары Ресей астанасының әр жерінде, соның ішінде қаладағы Құтқарушы Христос соборының жанындағы көпірде түсірілген.
Суреттерді Ресейдің тәуелсіз Holod.media сайты таратты. Сайт қызметкерлері Ресейден қашып кеткен әрі Ресей билігінің нысанасына жиі ұшыраған. Бірақ басқа басылымдар сияқты әлі бұғатталған жоқ.
Ресей іскері Украинаның Буча қаласында қанды қырғын жасағаннан кейін қала көшелерінің әр жәрінде өліп жатқан адамдардың аянышты суреттері тараған. Олардың кейбіреулерінің қолдары байланған. Оқиғаға байланысты соңғы күндері Ресейге қатысты халықаралық айыптаулар көбейді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір