• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:31:20
Алматы
+12°

Ресей шабуылынан Киев іргесіндегі Буча қаласында көптеген бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты Ресейге қарсы жаңа, қатаңырақ санкциялар енгізу туралы үндеу айтылды.

Қала көшелерінен азаматтық киім киген кемінде 20 адамның мәйіті табылған. Украина ресейлік әскерлерді "әдейі қырғын" жасады деп айыптады.

Украина билігінің хабарлауынша, Ресей әскерлері аймақтан шығарылғаннан кейін Киевтің сыртындағы қалалардан жүздеген мәйіт табылған. Ал Ресей кісі өлтіру жағдайларын жоққа шығарады.

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің көмір мен мұнай экспортына бағытталған санкцияларды одан әрі көбейтуге шақырды. Француз БАҚ-тары соғыс қылмыстарының анық белгілері бар екенін жазды.

Германияның қорғаныс министрі Кристин Ламбрехт Еуропалық Одақ енді Ресей газын импорттауға тыйым салуды талқылауы керек дейді. Украинаның талап еткеніне қарамастан, тыйым еуропалық тұтынушыларға әсер ететіндіктен, көшбасшылар тыйымды әлі де жасағысы келмей тұр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен кез келген әскери қылмыстар үшін жауаптылар жазалануы керек екенін айтты. 

Блинкен ресейлік әскер геноцид жасаған, жасамағаны туралы сұраққа жауап берып, халықаралық сот сияқты тиісті мекемелер мен ұйымдар адамзатқа қарсы қылмысты тергеуге күш біріктіретінін айтты.

Британ премьер-министрі Борис Джонсон оқиғаны "жеккөрінішті шабуылдар" деп атап, айыптады. Сондай-ақ Ұлыбритания осы аптада жаңа санкциялар жариялауы мүмкін екені хабарланды.

Бұл ретте ЕО кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель ЕО-ның қосымша санкциялары дайындалып жатқанын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Буча Украина Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір