"Ақпан айында Мамай қаңтарда жанармай бағасының өсуіне қарсы демонстрацияға шығып, қазақстандық күштік құрылымдардың қолынан қаза тапқан демонстранттарды еске алу мақсатында рұқсат етілмеген митингті ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке қамалған. 12 наурызда бостандықа шығуы керек болған Мамай оның орнына жаңа қылмыстық айып бойынша 14 наурызда сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Ол құқыққорғау органы қызметкерін қорлады, "жалған ақпарат" таратты деп айыпталып отыр. Егер сотталатын болса, үш жылға бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр" деген ұйым өкілі Светлана Воробьева бұл айыптауларға Қазақстан билігі өзін сынаушылардың үнін өшіру үшін жиі жүгінетін заңдар негіз болып отырғанын айтқан.
02 Сәуір, 2022 NEWS
Фото: Данияр Мусиров/vlast.kz
Құқыққорғау саласындағы беделді халықаралық Amnesty International ұйымы Қазақстан президенті Қ.Тоқаевты тіркелмеген оппозициялық "Демократиялық партия" жетекшісі Жанболат Мамайды бостандыққа шығарып, оған тағылған айыпты алып тастауға шақырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір