• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 01:22:15
Алматы
+12°

 

 

Газ жеткізуге саласында Ресей мен Еуропа арасында қалыптасқан жағдайға байланысты Германия экономика министрі Роберт Хабек Ресейден газ жеткізу тоқтаған жағдайға деп төтенше жағдайға дайындалу режимін іске қосты, деп хабарлады Deutsche Welle басылымы.

Ол бойынша энергия үнемдеп жұмсалуға тиіс. Роберт Хабек үнемдеу прафилактикалық шаралардың алғашқысы ғана екенін мәлім етті.

Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада Ресей енді Еуропаға жеткізілетін газдың төлемін тек рубльмен қабылдайтынын айтқан. "Үлкен жетілікке" кіретін елдер, оның ішінде Германия ресейлік валютамен төлем жасамайтынын мәлім етті. Хабек Мәскеудің талабы келісім-шартты бұзатынын, құжатта төлем құралы ретінде доллар мен еуро көрсетілгенін жеткізді.

Ресей айтқанын қайтар емес. "Газға рубльмен төлеуден бас тартқандарға газ бермейміз" деп отыр.

Еуропа Ресей газына аса тәуелді. Еуроодақ тұтынатын газының 90 пайызын импорттан алады, оның жартысын Ресейден алады.

Путиннің мәлімдемесінен кейін Ресей валютасы нығайып, бұл сәйкесінше теңгенің долларға шаққандағы бағамына да оң әсер етіп жатыр. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір