• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 03:12:16
Алматы
+12°

Гарвард университеті Фэрбанк зерттеу орталығының зерттеушісі, тарихшы, картограф, профессор Нұрлан Кенжеахмет "Ұлытауда Оғыз Хан университетін немесе мұражайын ашу – тарихи жаңғыру болады" деп есептейді. Бұл туралы тарихшы өз Facebook парақшасында жариялады.

"Әбілғазы Бахадұр ханның (1603-1664) дерегі бойынша, Ұлытаудың көне аты Ортағ, ол Оғызханның ата-мекені; Кішітаудың көне аты Құртағ. Ортағ тауы Рашид ад-Дин (1247-1318) мен Ала ад-дин Ата Малик ибн Мухаммед Джувейниде (1226 — 1283) де кезігеді. Сондықтан қазақ елі үшін оғыздар да, қыпшақтар да қазақтардың тіке ата-бабасы болып саналады. Ұлытауда Оғыз Хан университетін немесе мұражайын ашу тарихи жаңғыру болып табылады. Бұдан көп нәрсеге ие боламыз. Оғыз Хан Жошы Ханға жалғасады. Ұлытау Ұлұғ-тағ деген атпен таяу заманғы карталарда жйі кезігеді. Жетісу да тарихи атау. Абай обылысы да керемет қойылған" деп жазды әлемдік жетекші білім ордасындағы қазақ зерттеушісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір