• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 04:14:08
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысынд елдегі эпидемиологиялық жағдай жөнінде баяндады.

– Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Соңғы аптада аурудың тәуліктік өсімі тәулігіне 1200 жағдайға дейін төмендеді, бұл – инфекцияның таралу коэффициентіне де әсер етті. Эпидемиологиялық жағдайдың көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады. Соңғы айда коронавирус инфекциясы жағдайларының орташа тәуліктік саны 34 есе азайды, – деді министр.

Оның айтуынша, стационарда емделіп жатқан адамдардың саны 2,3 есеге, амбулаторияда емделушілердің саны 5,1 есеге азайған.

Сондай-ақ ол "Омикрон" штамы Қазақстанның барлық өңірінде таралғанын атап өтті.

– Елдің барлық өңірінде "Омикрон" айналымы анықталды, ол жалпы зерттелген сынамалардың 72%-ын құрады. "Омикронмен" қатар "Дельта" штамы да жиі кездеседі. Ол жалпы сынамалардың 25 пайызын құраған. Қазіргі таңда "дельта" штамы 15 өңірде тіркеліп отыр. Қалған штаммдар 3 пайызды құрайды, – деді Ажар Ғиният.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір