18 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Германияның сыртқы істер министрі Анналена Баербок соғыс қаупін тудырғаны үшін Мәскеуді айыптады. Оның пікірінше, Ресей "қырғи-қабақ соғысқа" ұқсас дипломатия арқылы бейбітшілікке қауіп төндіруде.
Баербок шиеленісті бәсеңдету үшін Ресейді "байыпты қадамдар жасауға" шақырды.
Қазіргі уақытта Украинамен шекара маңына жүз мыңнан астам ресейлік әскер орналастырылған әрі Беларусьте ресейлік әскерлер жаттығу өткізуде. Бүгінде Украина үш жағынан қоршалған.
Батыс елдері әскер мен техниканың бұндай орналастырылуына алаңдайды.
Жұмадан бастап Дүниежүзілік көшбасшылар үш күн бойы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысады. Конференция қарсаңында неміс сыртқы істер министрі Ресей "бұрын-соңды болмаған әскер орналастырғанын", жаңа "қырғи-қабақ соғыс" бастағанын, "еуропалық бейбітшілік тәртібінің негізгі қағидаттарына қарсы шығып жатқанын" ескертті.
"Қырғи-қабақ соғыс" кезеңі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болған. Ол кезде Батыс пен Кеңес Одағы арасындағы бәсекелестік ушығып, текетірес ядролық соғыс қаупіне дейін жеткен.
Бэербок дипломатияны жалғастыруға шақырып, "соғысқа қарай үлкен қадамдардан гөрі бейбітшілікке жетудің кішкентай қадамдары жақсырақ" деді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір