14 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
"Германия канцлері Олаф Шольц сейсенбі күні Мәскеуге барады" деп хабарлады неміс үкіметінің дереккөздері. Кейбір еуропалық көшбасшылар бұл – Украинаға қатысты "өте қауіпті" мәселені шешудің соңғы мүмкіндігі болуы ықтимал екенін айтады.
"Украина дағдарысына байланысты жеткілікті дипломатиялық күш жігер көрсетпеді" деп сыналған Германия канцлері алғаш рет Киевке барады.
Ал АҚШ барлау қызметі "Мәскеу шабуыл жасау жоспарларын жеделдетті" деп мәлімдеді. Вашингтон "20 ақпанда қысқы Олимпиада ойындары аяқталмай тұрып, сәрсенбіде Ресей әскері шекараны бұзады" деп жариялады.
Джо Байден жексенбі күні таңертең Киевтегі АҚШ елшілігін толығымен дерлік эвакуациялауға бұйрық берді, кейінірек Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлесті. Байден АҚШ- "Ресейдің бұдан былайғы кез келген агрессиясына тез және батыл жауап беретінін" мәлімдеді және екі көшбасшы дипломатия мен (Ресей агрессиясын) тежеуді жалғастыру қажеттігі туралы келісті.
Ресей Украинаға басып кіруді жоспарлап отырғанын жоққа шығарады, бірақ жексенбі күні әскерлер мен әскери тікұшақтар Украина шекарасына жақын жерге жылжытылғаны туралы ақпарат тарады.
Украина ашықтықты қамтамасыз ету және соғыс қаупін азайтуды көздейтін халықаралық келісім Вена құжатын негізге алып, 48 сағаттық мерзімде Ресейдің Беларусьтегі әскери маневрлерінің мақсатын нақтылау туралы Мәскеуге ресми өтініш жолдады. Дегенмен, Ресей тарапы оған жауап бермеді.
Беларусь үкіметі Балтық жағалауы елдерінің осындай өтінішіне жауап берді, бірақ кейбір ресейлік бөлімшелер оңтүстік шекараны күзету үшін сонда болатынын айтып, әскери жаттығулар аяқталуы тиіс 20 ақпанда армияның кетпейтінін айтты.
Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба "келесі қадамда" Ресейден "ашықтық" талап етіп, алдағы 48 сағат ішінде кездесуді жоспарлағанын айтты.
Ресейдің Балтық флотынан қанатты зымырандарымен қаруланған сүңгуір қайық та Босфор арқылы Қара теңізге қарай жүзді. Литва Украинаға "Стингер" зениттік зымырандарын жеткізгенін жариялады, ал АҚШ елшілігі Киевке америкалық әскери техниканың 17-ші ұшағы, оның ішінде иық гранаталары келгенін хабарлады.
Жексенбіде неміс үкіметі тарапы Украина шекарасындағы "өте алаңдатарлық жалпы жағдай" туралы айтты. Сонымен қатар, Шольцтың сапары соғысты болдырмаудың "соңғы әрекеті" деген болжамдар айтылды.
Батыс елдері шабуыл болған жағдайда Мәскеуге санкциялар салатынын жариялады.
Дегенмен, ресейлік дипломаттар батыстық санкциялардың қоқан-лоққылары (Мәскеуге) еш әсер етпейтінін жеткізді. Кремльдің Швециядағы елшісі швед газетіне санкциялар Ресей экономикасына "ештеңе істей алмайды" деп сұхбат берді.
Әлемдік көшбасшылар Украинаға қатысты қазіргі дағдарысты бәсеңдету үшін дипломатиялық келіссөздерді жалғастыруда. Бірақ әзірге олар ешқандай келісімге қол жеткізе алмады.
Мәскеу НАТО-ға бірқатар талаптар қойды. Ол бойынша, НАТО қорғаныс альянсы Украинаны мүшелікке қабылдамауы және Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын азайтуы керек.
Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр:
- "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
- "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды.
- "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
- Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
- АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
- Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
- Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
- АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
- Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
- Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
- Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
- Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
- Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
- Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
- Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
- АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
- "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
- Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін.
- Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
-
Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.
- БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Ресей мен АҚШ өкілдері сөзге келіп қалды.
- Ресей өкілі Киевтің "өз түбіне өзі жететінін" айтты.
- Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер шиеленісті бәсеңдете алмады.
- АҚШ Еуропаға көбірек әскер жіберетінін жариялады.
- Ресей Вашингтонның Еуропаға көбірек әскер жіберу шешімін айыптады.
- АҚШ: Ресей Украинаға басып кіруге 70% дайын. Киев бірнеше күнде қирайды.
-
Франция президенті: Ресеймен соғыссыз келісімге келе аламыз.
- АҚШ пен Германия Ресейді қалай "жазалауға" келісті.
-
Ұлыбритания санкцияларды қолдайтынын білдірді.
-
Сейсенбіде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон The Times газетінде Ұлыбританияның аймаққа Корольдік әуе күштерінің жойғыштары мен Корольдік теңіз флотының әскери кемелерін орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
-
Еуропа: Ең қауіпті сәтте тұрмыз
- Макрон шиеленісті бәсеңдетуге кепілдік бар екенін мәлімдеді.
- НАТО: Бұл Ресейдің Киевті басып алуға дайындығы.
- "Ондаған мың әскер қатысады". Бүгін Ресей-Беларусь біріккен әскери оқу-жаттығулары басталады.
- Ресей, Украина, Франция және Германия ешқандай келісімге қол жеткізе алмады.
- Мәскеу көрші Беларусьпен жаппай әскери жаттығуларын бастады.
- Украина Ресейді "теңізге шығуымызға тосқауыл қойды" деп айыптады.
- Байден Украинадағы америкалықтарды дереу елден кетуге шақырды.
-
Байден: Бұл бұл дүниежүзілік соғыс болады. Біз бұрын-соңды мүлде болмаған басқа дүниеге тап болдық.
- Вашингтон Ресейдің 20 ақпанда Украина шекарасын бұзатынын мәлімдеді.
- Германия канцлері Олаф Шольц сейсенбі күні Мәскеуге барады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір