• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:51:47
Алматы
+35°
Ғаламның жаралуын зерттейтін Джеймс Уэбб телескобы ұшып шыққаннан 30 күн өткен соң ғарышты бақылайтын нүктеге жетіп, алғашқы жұлдыздардың сырларын ашуға дайын екені хабарланды.
 
Телескоп жеткен Лагранж 2 нүктесі Жерден 1,5 миллион км қашықтықта орналасқан.
 
Телескоп 25 желтоқсанда ғарышқа ұшырылған. 10 миллиард долларлық телескоптың діттеген жерге жетуі бүкіл әлем астрономдары үшін үлкен жетістік ретінде бағалануда.
 
NASA әкімшісі Билл Нельсон "Біз ғаламның құпияларын ашуға бір қадам жақындадық. Мен Уэбб арқылы осы жазда ғаламның алғашқы жағдайын көруді асыға күтемін!" деді.
 
Алтын жалатылған және екі қабатты ғимараттай үлкен айнасы бар телескопты ұшыру алаңына ұшақпен жеткізу мүмкін болмаған. Сондықтан телескоп Панама каналы арқылы Оңтүстік Америкада орналасқан Франция Гвианасындағы ұшыру алаңына кемемен жеткізілген. Оның жөнелтілген күні құпия сақталды. Миллиардтаған доллар жұмсалған және адамзат ғылымы үшін өте маңызды телескопты қарақшылардан қорғау үшін солай жоспарланған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір