• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 01:13:46
Алматы
+12°
Гарвард университетіндегі қазақ ғалымы, тарихшы, ғылым докторы, профессор Нұрлан Кенжеахметтің жаңа монографиясы баспадан шықпақ.
 
Ғалымның кезекті зерттеуі Германияның "Александр фон Гумбольд" қорының арнайы қолдауымен неміс баспасы "OSTASIEN Verlag"-тан шығып жатыр.
 
Соңғы он жыл бойы Германияда қазақ тарихына қатысты ғылыми зерттеулермен айналысып келген ғалымның кезекті монографиясы "Eurasian Historical Geography as Reflected in Geographical Literature and in Maps from the 13th to the Mid-17th Centuries" (XIII ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейінгі географиялық жазбалар мен тарихи карталардағы Еуразияның тарихи географиясы) деп аталады.
 
Монографияны ғалымның осы саладағы ұзақ жылдық зерттеулерінің жемісі деуге болады. 400 бетке жуық фундаменталды ғылыми еңбекте ғалым тұтас Еуразия аймағының тарихи географиясын айқындауға күш салып, орта ғасырлық тарихи географиялық жазбалар мен тарихи карталарды салыстыра зерттеу арқылы жаңаша пайым мен тұжырым жасап, картографиядағы ғасырлық сырды ашады.
 
Атап айтқанда, 1402 жылы Кореяда құрастырылған, түпнұсқасы Құбылай хан (1215-1294) тұсында сызылған ең көне егжей-тегжейлі әлем картасы саналатын Каңнидо (толық атауы: 混一疆理歷代國都之圖 “Comprehensive Map of Integrated Lands and Regions of Historical Countries and Their Capitals”) картасын, шығысы Қытайдан, батысы Жерорта теңізіне дейінгі аймақты сипаттайтын 1524-1539 жылдардағы «蒙古山水地圖» (Mongolian Landscape Map) картасын және 1546 жылғы «西域土地人物圖» (Atlas of the Territories and Peoples of the Western Regions) картасы мен оның түсіндірме бөлігі «西域土地人物略» (Outline of the Territories and Peoples of the Western Regions) жазбасын мұсылман ғалымдарының тарихи географиялық жазбаларымен салыстыра зерттеу арқылы аталмыш карталардың батыс бөлігі мұсылман ғалымдарының жазбаларынан алынғанын нақты деректермен дәлелдейді.
 
Жоғарыда аталған карталарда көрсетілген Африкаға, Еуропаға және Еуразияға қатысты жер-су атаулары араб, парсы, түркі және басқа да Батыс және Орталық Азия тілдеріндегі ортағасырлық карталар мен географиялық еңбектерден, мысалы, X-XI ғасырдағы Әл-Истахридің «Китаб әл-масалик уә-л-мамалик», Ибн Хаукалдың «Китаб ал-массаллик ва-л-мамалик», Махмұт Қашқаридің «Диван луғат ат-Түрік» шығармасынан алынғанын анық көрсетеді. Бұл – географиялық, картографиялық зерттеу саласындағы тың жаңалық ретінде бағаланып отыр.
 
Сонымен қатар тарихшы Нұрлан Кенжеахметтің 2019 жылы «The Tūqmāq (Golden Horde), the Qazaq Khanate, the Shībānid Dynasty, Rūm (Ottoman Empire), and Moghūlistan in the XIV-XVI Centuries: from Original Sources» («XIV-XVI ғасырлардағы Тұқмақ (Алтын Орда), Қазақ хандығы, Шибанидтер әулеті, Рум ("Осман империясы) және Моғолстан: түпнұсқа деректерден") атты кітабы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты тарапынан баспадан шыққан. Кітап Жошы Ұлысы мен мұрагерлері және сол кезеңдегі көршілес елдердің тарихи географиясы мен тарихы туралы 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нұрлан Кенжеахмет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір