• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:01:13
Алматы
+35°

Ұлыбритания ханзадасы Эндрю "жиырма жылдан астам уақыт бұрын жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті" деген Вирджиния Джуффренің айыптауын жоққа шығарып, АҚШ қазылар алқасынан сот талқылауын сұрады.

Йорк герцогы Ханзада Эндрю – британ корольдік отбасының мүшесі. Патшайым Елизавета II мен ханзада Филипптің үшінші баласы және британ тағы мұрагерлерінің бірі.

38 жастағы Джуффре өткен тамызда Йорк герцогын сотқа берген. Ол қаржыгер және сексуалдық қылмыскер Джеффри Эпштейнді "мені саудалап, ұрып-соқты" деп айыптаған.

АҚШ-тың Манхэттендегі округтік сотына берген арызында 61 жастағы Эндрю 1999 жылдар шамасында Эпштейнмен кездескенін мойындады, бірақ Джуффрдің оған "жыныстық зорлық-зомбылық жасады" деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

"Ханзада Эндрю осы арқылы шағымда көрсетілген әрекеттер бойынша алқабилердің сот талқылауын талап етеді" деп жазды оның адвокаты сәрсенбі күнгі өтінішінде.

Ханзада қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Ол корольдік міндеттерінен бас тартуға мәжбүр еткен айыптауларды жоққа шығарады.

Осы айдың басында британ корольдік отбасы Эндрюді әскери рөлдері мен корольдік қамқорлығынан айырған. Бұдан былай оның "Корольдік Мәртебесі" болмайтыны айтылды.

13 қаңтардағы Букингем сарайының мәлімдемесінде "Йорк герцогы ешқандай қоғамдық міндеттер атқармайды және бұл істі өзін жеке азамат ретінде қорғайды" делінген.

Джюффре 2001 жылы наурызда Гислейн Максвеллдің Лондондағы үйінде Эндрюдің оған жыныстық зорлық-зомбылық жасағанын айтады. Өткен айдың соңында АҚШ-тың қазылар алқасы Максвеллді жасөспірім қыздарға жыныстық зорлық-зомбылық жасауда Эпштейнге көмектескені үшін кінәлі деп тапты.

Ханзаданың адвокаттары бұған дейін Джуффренің сот ісін "негізсіз" деп атап, оны қосымша өтемақы сұрады деп айыптаған. Джуффре Эпштейнден 2009 жылғы азаматтық келісімде 500 000 доллар алған.

АҚШ округінің судьясы Льюис Каплан сот процесі 2022 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында басталуы мүмкін екенін айтты. Егер Джуффре сотта жеңіске жетсе, Эндрю келтірілген шығынды өтеуі мүмкін. Джуффренің сұраған сомасы белгісіз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір