• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:42:25
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директорын ауыстырды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды" делінген жарлықта.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес институттың жаңа директоры болып Еркін Тұқымов тағайындалды.

Еркін Валитханұлы Тұқымов 1973 жылы Өзбекстанда, Терміз қаласында туған.

1997 жылы Варшама халықаралық қатынастар институтын үздік бітіріп, 2004 жылы ҚР Ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының аспирантурасын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы ҚР президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сыртқы саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері ретінде бастаған.

2000-2005 жылдары ҚСЗИ сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі. 2005-2007 жылдары Орталық Азия демократияны дамыту қорының бас директоры болды. 2007-2008 жылдары ҚР президенті әкімшілігінде ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының стратегиялық халықаралық ықпалдастық секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2008 жылдың маусымында ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары, кейіннен департамент директоры болды. 2010 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Талдау бөлімінің меңгерушісі болды. 2018 жылы Қазақстанның Қазандағы бас консулы лауазымына тағайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір