• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 13:35:14
Алматы
+35°

Демократиялық партия құру бойынша ынталы топ жетекшісі, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайды шекарашылар Қазақстаннан шығармай қойды. Бұл туралы оның әйелі, журналист Инга Иманбай хабарлады.

Журналист емделу үшін Бішкекке бармақ болғандарында шекарашылар елден шығармай қойғандарын, алдағы уақытта Жанболат Мамайды қамауы мүмкін екенін айтады.

"Бүгін оны еш негізсіз Бішкекке өткізбей қойды. Біз оның жарақаттарын емдеуге шыққан едік, себебі, Алматыдағы бір де бір ауруханаға сене алмаймыз! Жаңа ғана отадан шыққан адамдарды полиция қолына бере салған дәрігерлер бұйрық болса не істемейді?! Жанболат, біз, қашаннан бері айтып келеміз, ешкімнен қорықпаймыз, елдің ішінде күресеміз! Ешқайда кету ойымыз жоқ! Шиеттей үш бала мен қарт ата-ананы тастап қайда қашамыз?! Елді-жерді қимайтынымыз өз алдына, бала-шағаны тастап қашпайтын шығармыз! 1-2 күн барлық медициналық тексерулерін жасап, ем-домын алып, қайта келер едік. Бірақ, билік Жанболатты еш негізсіз шекарадан шығармай қойды. Шекарадағы жігіттер барлық сұрақты Алматы қаласы криминалды полиция департаментіне қойыңыздар, солар шектеу қойған деді. Адвокат ресми түрде еш шектеу жоқтығын, бұл істің заңсыз екенін айтып, прокуратураға шағым дайындауда. Канат Таймерденов, Рустам Абдрахманов, бұл не бассыздық?!
Берік Уәли, Тоқаевтың бейбіт наразылар жазаланбайды дегені қайда?!
Абзал Құспан, Кариннің қоғаммен Сіздер арқылы диалог орнатып, заңсыздықты тоқтату әрекеті осы ма?!
Elvira Azimova, Сіз Еуропарламентте заңсыздыққа жол бермейтініңізді айтып, ақталдыңыз. Ал мына жағдайға не айтасыз?!" дейді журналист желідегі жазбасында.

5 қаңтар күні Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде әлдекімдер Жанболат Мамайды соққыға жыққан.

20 қаңтарда Жанболат Мамай полиция өзін "жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды" деген айып бойынша тергеуге алғалы жатқанын мәлім еткен.

"Алматы полициясынан тергеуден шықтым. 272-бап бойынша (жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру) тексеруге алмақ. Бүгін қорғаушымның денсаулығына байланысты тергеу кейінге қалдырылды. "Сіздің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандармен байланысыңыз бар-жоғын тексереміз" дегенді айтты. Бұл істің саяси астары болатыны анық. Көреміз биліктің қандай қадамға баратынын" деген белсенді әлеуметтік желідегі жазбасында.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жанболат Мамай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.