• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:03:27
Алматы
+35°

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ қордың жеті топ-менеджерінің жұмыстан босатылғанын хабарлады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес, жазған арыздарының негізінде бүгін қызметінен босатылды:

Кравченко Андрей Николаевич – Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор – "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма мүшесі.

Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы – "Самұрық-Қазына" АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор.

Дурмагамбетов Ерлан Дмитриевич – "Самұрық-Қазына" АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор.

Тажигалиев Мұхтар Өтепқалиұлы – "Самұрық-Қазына" АҚ Активтерді басқару жөніндегі тең-басқарушы директор.

Есполов Бектенбай Тлектесұлы – "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі серіктес басқарушы директоры.

Тусупбеков Жаннат Рашидұлы – "Біріккен химиялық компания" ЖШС Басқарма төрағасы.

Кожаков Қуат Асқарбекұлы – "Samruk-Kazyna Trust" КҚ Бас директоры" делінген хабарламада.

Қордың хабарлауынша, портфельдік компанияларға корпоративтік орталық қызметкерлерінің санын заң талаптарына сәйкес екі есе қысқартып, өндірістік қызметкерлердің жалақысын алғашқы кезеңде орташа салалық көрсеткіштерге дейін көтеру туралы кеңес берілді.

"Портфельдік компанияларға сатып алуларға жауапты барлық басшыларды заң талаптарына сәйкес қызметінен босатып, Қор тобына репутациялық әрі жемқорлық қауіп төндіретін барлық қызметкерлерді  жұмыстан босату туралы кеңес берілді.

Портфельдік компаниялар бірқатар қызметкерлерді қысқартатынын жеткізді  ("ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ – 78 адам, "Қазатомпром" ҰАК" ҰҚ – 46 адам, "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ - 32 адам және басқалар)" делінген қор таратқан ақпаратта.

Кеше Самұрық-Қазына" қызметкерлерінің жартысы қысқартылатыны хабарланған.

21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуінде "Самұрық-Қазына" қоры жұмысын ашық жүргізбейтінін, сатып алулар жүйесі тиімсіз екенін айтқан. Мемлекет басшысы өз сөзінде ауқымды жобалар аяғына дейін жеткізілмей жатқанын атап өтіп, қорға түбегейлі реформа жасауды тапсырған. Аталған мәселе бойынша президент Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлескенін, егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, Қор да бірге кететінін мәлімдеген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Самұрық-Қазына

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір