• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 16:04:55
Алматы
+12°

Ресейдің қаржылық мониторинг бойынша федералдық қызметі саясаткер Алексей Навальный мен оның жақтастарын террористер мен экстремистер реестріне қосты. Бұл туралы ведомство сайтында хабарланды.

Rbc.ru басылымының жазуынша, тізімге енген Навальный жақтастарының қатарында Любовь Соболь, Георгий Албуров, Вячеслав Гимади, Руслан Шаведдинов, Лилия Чанышева, Руслан Шаведдинов, Павел Зеленский бар.

Тізімге енгізілген тұлғалар мен ұйымдарға БАҚ-пен қандайда бір қарым-қатынас жасауға, желіде ақпарат жариялауға, көпшілік іс-шара ұйымдастыруға, сайлауға қатысуға, салық, жалақы төлеу, залалды қайтарудан басқа кез келген қаржылық қызметті қолдануға тыйым салынады.

Бұдан бөлек банктегі есепшоттар бұғатталады. Реестрге тергеудегі адамдар да, жазасын өтеп жатқандар да енгізіле береді.

Бұған дейін Ресейдің тергеу комитеті Алексей Навальный мен Леонид Волков, Иван Ждановты экстремистік қауымдастық құрып, оны басқарды деп айыптаған. Қазіргі уақытта Навальный "Ив Роше" компаниясының қаржысын жымқырды деген айыппен түрмеде жазасын өтеп жатыр. Ол 2021 жылғы 2 ақпанда 2 жыл 8 айға сотталған.

Алексей Навальный тізімдегі ұлттық бөліктегі жеке тұлғалар пунктінде 7504 болып тұр. Бұл тізімде жалпы 11751 адам бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Навальный

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір