• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:41:34
Алматы
+12°

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қаржы мониторингі агенттігі заңбұзушылықтарға жол беріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы экс-шенеунік өзінің Facebook парақшасына жазды.

– Өзімді қорғау құқығым қайта бұзылып жатыр. Тергеу жүргізу кезінде қаржы мониторингі тарапынан заңды өрескел бұзғаны туралы біздің шағымдарымыз және Бас прокуратураға жіберілген тиісті шаралар қабылдау туралы өтініш қаралмаған, алайда айыптау актісі бекітілген. Яғни біздің ұстанымымыз бен құқығымыз ешкімді қызықтырмай ма?, – деп жазды Біртанов желіде.

Экс-министр 2020 жылғы 3 қарашада аса ірі көлемде бюджет қаржысын ысырап ету фактісі бойынша күдікке ілініп, қамауға алынған.

7 қарашада Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, үй қамаққа алынған. Мұнан соң үй қамаққа алу шарасы әлденеше рет ұзартылған.

2021 жылдың 26 сәуірде Біртановтың коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жатқаны туралы ақпарат шықты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Елжан Біртанов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір