• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қаңтар, 23:51:10
Алматы
-10°

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне және "Омикрон" штамының таралуына байланысты карантин шараларын күшейтті.

"Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу шараларын қоспағанда, ашық ауада да, үй ішінде де бұқаралық іс-шараларды, соның ішінде отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

15 қаңтардан бастап "жасыл" мәртебесі барлар спорт орталықтарына, моншаларға, сауналарға кіре алады.

Қаулыға сәцкес:

  • концерттік залдардың, театрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметі тоқтатылады;
  • ұжымдық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге тыйым салынады;
  • діни объектілерде іс-шаралар өткізілмейді;
  • түнгі клубтардың жұмысы тоқтатылады;
  • қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелге 4 адамнан отырғызылуы тиіс.

Бас санитар дәрігер міндетті түрде бетперде кию және әлеуметтік қашықтықты сақтауды ескертті.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыз.

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласын коронавирустың таралуы жағынан "қызыл" аймақта тұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір