• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:07:01
Алматы
+35°

Тимур Сүлейменов президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін қатардағы орынбасар болып келген.

Тимур Мұратұлы Сүлейменов 1978 жылғы 5 сәуірде туған. 2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы АҚШ-тағы Мериленд университетін тәмамдаған, «қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша бизнес магистрі.

Ұлыбританиядағы алқабилік бухгалтерлер және аудиторлар қауымдастығы сертификатының иегері.

Қызмет жолы

1999-2000 жылдары – Павлодар қаласы №3 отбасылық дәрігерлік амбулаториясының экономист-менеджері.

2002-2006 жылдары – Алматы қаласы «Эрнст энд Янг Казахстан» аудиторлық компаниясының аға консультанты.

2006-2009 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Салық есебі және салықтық жоспарлау департаментінің директоры.

2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012-2016 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссиясының Экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі (Министр).

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

2017 жылғы 31 наурыздан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

2019 жылғы ақпан-наурыз – Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

2019 жылғы наурыз-шілде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019  жылғы 22 шілдеден бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болып келген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір