• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қаңтар, 23:37:20
Алматы
-10°

Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов қалада карантин шаралары күшейтілетінін мәлімдеді.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, жаңа жыл басталғалы коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артқан. Науқастар санының артуына коронавирустың "Омикрон" штаммы әсер еткен.

– Алматы қаласында шектеу шаралары 5 күн ішінде, тіпті оған дейін қатаңдатылады. Әрине, бұл Алматы қаласында болған оқиғалар кезінде кәсіпкерлер мен қала тұрғындары үшін қиын болады. Бірақ вакцина салдырмай жатқандарға инфекция жұғып жатыр. Коронавирус жоқ болып кетпеді, – деді С. Байғабылов.

Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау облысы "Қызыл" аймақта тұр.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір