• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

28 Қаңтар, 00:53:36
Алматы
-10°

Денсаулық сақтау министрлігі 11 қаңтар күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 4810 адамнан коронавирус, 79 адамнан пневмония анықталған. 10 қаңтарда 2 адам коронавирустан көз жұмған.

12 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 423 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 3 409 пациент стационарда, 24 014 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 187 адамның жағдайы ауыр, 59 пациенттің жағдайы өте ауыр, 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау облысы "Қызыл" аймақта.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Ақмола,Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.

12 қаңтардағы мәлімет бойынша 9 026 131 адам вакцинаның I компонентін, 8 568 324 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір