• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қаңтар, 23:34:29
Алматы
-10°

Мәжіліс елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған заң жобаларын жедел қарайтын болады. Бұл туралы бүгін палата төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыста айтты.  

Мәжіліс спикері атап өткендей, кеше ғана  мәжілістің онлайн отырысына қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанымыздың алдында тұрған негізгі мақсат-міндеттерді    белгілеп  берді.

Сонымен қатар, президенттің тапсырмасы  бойынша елімізде бұрын болмаған  жаңа «Қазақстан халқына» қоғамдық  қоры құрылатынын айтқан палата спикері ол қор тікелей әлеуметтік саладағы маңызды мәселелерді   шешумен айналысады.   Сонымен бірге, екі айдың ішінде  халықтың тұрмысын жақсарту бағдарламасы  қабылданатын болады.

- Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларын   жүзеге асыру үшін парламентке, соның ішінде, мәжіліске үлкен   жауапкершілік     жүктеліп  отыр.  Сондықтан, біздің депутаттық корпус барлық бастамаларды жедел, тиісті заңдармен  қамтамасыз ету жұмысына  кірісті.  Бұл жолда жеке тұлғалардың  банкроттығы туралы,  сонымен бірге, еліміздің қауіпсіздігін қорғауға, кәсіпкерлікті қолдауға,  әсіресе, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамытуға, халықтың табысын арттыруға және білімді күшейтуге   ерекше назар   аударатын боламыз, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы депутаттар Үкіметпен бірлесіп, осы жұмыстарды жоғары деңгейде жүзеге асыру керектігін баса атап өтті.

Мәжілістің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мәжіліс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір