• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:17:28
Алматы
+35°

Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы мәлім етті.

Басылым мәліметінше, Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады.

Сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеу басталғанын, қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдағаны хабарланды.

"Баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етудің және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылатын болады. Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған оқиғаны құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды" делінген ақпараттық хабарламада.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында кешелі бері газ бағасы қымбаттауына байланысты наразылық акциялары өтіп жатыр. Қала аумағында интернет пен ұялы байланыс істемейді. Әлеуметтік желі арқылы түрлі ақпарат жетіп жатыр.

Соңғы ақпараттарда қала ішінде қарулы күзет күшейгені, наразы азаматтарды облыстың өзге де аудандары қолдап көшеге, алаңға шығып жатқаны айтылады.

Оқи отырыңыз

 ♦ Ақтау, Ақтөбеде адамдар алаңға шықты. Мұнайшылар жұмысын тоқтатты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір