• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:23:28
Алматы
+12°

Алматы балабақшаларының бірінде балаларды ұрды деп айыпталған тәрбиеші өзіне қол жұмсағаны хабарланды. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

"Алматы қалалық полиция департаменті 1979 жылы туған азамат Б-ның өзіне қол жұмсағанын растап отыр. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазір істің мән-жайы анықталуда" делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларды ұрып жатқан видео желіде таралып, үлкен резонанс тудырған. Кейін аталған оқиғаға қатысты балалардың ата-аналары шағымданып, тәрбиешінің кінәсі дәлелденсе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған.

Бүгін Алматы қалалық полиция департаменті аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-тармағына (кәмелетке толмаған адамға қатыгездік таныту) сай, тергеу бастап, тәрбиешіден түсінік алған. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы балабақша

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір