• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

27 Қаңтар, 23:50:00
Алматы
-10°

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы хабарлады.

Басылым таратқан ақпаратқа қарағанда, 22 желтоқсанда Атырау облыстық соты Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алуға санкция берген. Енді ол сотқа дейін тергеу изоляторында болады.

Хаменованы тұтқындау туралы сұрауды Атырау облысының прокуратурасы салған.

Еске сала кетейік, 10 желтоқсан күні Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 4,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған. Олар  Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Кейін 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарған. Қазір аталған іс қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі (қомақты мөлшерде пара алу) бойынша тергеліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір