• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:08:47
Алматы
+35°
 

Алматы облысында коронавирустық инфекцияға шалдығу дерегініңі жаңа 19 жағдайы тіркелді, бүгінде өсу қарқыны -0,03%, деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Ресми мәліметтер, 14 жасқа дейінгі 2 бала, 1 оқушы мен 1 студент арасында вирустың анықталғандығын растап отыр.

Аудан-қалаларға бөлсек, ковид көрсеткіші мынадай: Алакөл-1, Еңбекшіқазақ-2, Қарасай-2, Қаратал-2, Панфилов-3, Талғар-2, ұйғыр-2, Талдықорған қаласы-5.

Естеріңізге саламыз, аймақта әлі күнге вирусқа қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Осы уақыт аралығында вакцинаның бірінші компонентімен 867 701 (72%) және екінші бөлігімен 798 815 (67%) адам егілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір