• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:17:59
Алматы
+12°

Фото: Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы облысында соңғы тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырудың 29 жаңа жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,03%-ды құрайды, деп хабарлады Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нәтижесінде, өңір «жасыл» аймақта. КВИ анықталған жағдайлардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 4, оқушылар арасында 2, студенттер арасында 1 және мұғалімдер арасында 2 жағдай тіркелген.

Аудан-қалаларға бөлсек, COVID-19 көрсеткіші мынадай: Ақсу-1, Алакөл-4, Балқаш-2, Еңбекшіқазақ-1, Ескелді-1, Жамбыл-3, Іле-2, Қарасай-1, Көксу-1, Панфилов-6, Талғар-3, ұйғыр-2, Талдықорған қаласы-2.

9 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 57 487 жағдай тіркелген, оның ішінде 42 984  симптом белгілерімен.

100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2689,6 құрады.

Естеріңізге саламыз, облыста халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентін 869 150 адам (72%) алды, ал халықтың 800 747-сі (67%) толық иммундау курсынан өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір