• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:01:43
Алматы
+35°

Мереке қарсаңында Ақтауда тағы бір сәулетті нысан пайдалануға берілді,-деп хабарлады Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс орталығына кіре беріс тұста бой көтерген нысанның сыртқы қасбетінің безендірілуі ұлттық ерекшеліктерге толы.
Оның орналастырылған композициялары мен мүсіндерінің қисынды түйіні бар. Салтанат қақпасының алдыңғы бетінде қазақтың қос қариясы немерелерімен бірге тұрған мүсіндер орнатылған. Әжейдің қолындағы ұршықтан иірілген жіп арқылы немересімен байланыстырылған. Осылайша отбасы құндылығы дәріптелген.

.
Қақпаның оң және сол қабырғаларында қазақ хандығынан сыр шертер «тайқазан», хандар мен батырлар және қазақтың үш биі, Тәуелсіз елдің нышандарына айналған «Алтын адам»,«Қазақ елі» монументтері мен Елордамыздың символдары бейнеленген бедерлі мүсіндері орналасқан.

.
Ал, қақпаның екінші кіре берісінде қолында ер-тоқымы бар қазақ жігіті мен тостақаны бар ұлттық киімдегі қазақтың бойжеткенінің мүсіні тұрғызылған. Бұл қазақ елінің қонақжайлығын бейнелеп тұр.

Қақпаның төрт бұрышына орнатылған жарық шамдары да - қол туындылары.

Қазақстан Тәуелсіздігінің торқалы тойының құрметіне айшықты сәулет нысанын салу жұмыстары жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асқан. Жобалық эскизінің авторы және мүсіндеуші, суретшілер одағының мүшесі - Данияр Қалиев.
Данияр Қалиев бұған дейін облыстағы бірнеше сәулет нысандарының бой көтеруіне үлес қосты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтау маңғыстау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір