• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:55:57
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат​ жиынында коронавирусқа қарсы екпе алу қарқыны қаралды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан​ Хамбаровқа, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевқа​ COVID-19-бен күрес жұмыстарын​ жеке бақылауына алуды​ және халықтың екпе алу қарқынын,​ соның ішінде ақтөбеліктерге бір-екі күнде қол жетімді болатын​ Pfizer фирмасының вакцинасын алуын​ күшейтуді тапсырды.
Оңдасын Оразалин екпе —​ ауруды жұқтырмаудың және күшейіп кетпеуінің сенімді амалы екенін атап өтті. Сонымен қатар, жиын кезінде өңірдің ауылдық​ елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту мәселесі​ қаралды. Облыс әкімі алдымыздағы жылдары ауылдарды сумен қамту жобаларын​ барынша жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құжаттаманы уақытылы әзірлеу жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
 
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір