• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:37:40
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

12 қараша, жұма күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы көшелерді түнгі жарықтандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жобасының жүзеге асырылуымен танысты.
Өңір басшысы қаланы аралауды Қобыланды гүл бағы арқылы өтетін, Шернияз көшесінен Жангелдин гүл бағына дейінгі, әрі қарай Құрылысшылар аппараты" саябағына дейінгі және драма театры айналасындағы жаяу жүргіншілер жолы - "Ахтанов шаршысының" қалпына келтіру жұмыстарын қараудан бастады.
"Барлық жерде жарық бар, жаяужол алмастырылды. Жұмыс бітуге қалды, енді орындықтарды орнату керек. Бірінші дәріхананың маңына жаңа баспалдақ салынып, оны арбамен өтуге ыңғайладық",- дейді "АМК Жарық" ЖШС мердігер мекемесінің директор орынбасары Александр Гальцев.
Сондай-ақ, өңір басшысы Ғашықтар аллеясы мен № 1 ХҚО ауданындағы Тургенев көшесі бойындағы гүл бағының абаттандырылу барысын қарап шықты.
Бұдан өзге, Тұрғындар қалашығында облыс әкімі көпқабатты үйлердің қасбеттерін декоративті жарықпен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобаның ағымдағы жүзеге асырылуымен танысты. Қазіргі таңда жұмыстар Әбілқайыр хан мен Ә.Молдағұлова даңғылдарында, Тургенев пен Сәтпаев көшелерінде жалғасуда.
"КМК Строй" ЖШС мердігер мекемесінің өкілі Ұлан Қозбақов: "Жұмыстың 90 пайызы орындалды. Шамамен 150 үй иллюминацияланады",- деп есеп берді.
Облыс әкімі жобаны жоғары сапада қамтамасыз етіп, биыл желтоқсан айына дейін аяқтауды тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір