• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:17:49
Алматы
+35°

Қазгидромет желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, желтоқсанда ауа температурасы норма шамасында болады. Елдің солтүстік жартысы мен батысында ауа температурасы нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.

"Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, елдің шығыс жартысында және қиыр солтүстік-батысында нормадан көп болады деп болжанады. Айдың басында Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын тудыратын болады, алдымен батыста, содан кейін елдің өзге аумағына ықпалын тигізеді, жауын-шашын күтіледі. Көбінесе қар түрінде, оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады. Айдың ортасында елдің оңтүстік-шығыс жартысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ тұрақсыз ауа-райы желдің күшеюі, боран, тұман және көктайғақ болжанады" делінген ақпараттық хабарламада.

Желтоқсанның алғашқы күндерінде елдің басым бөлігінде жылы ауа райы болады.

Солтүстікте ауа температурасы түнде -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -5+5°С-қа дейін жоғарылайды. Оңтүстікде түнде -2+8°С-тан, күндіз +10+18°С-қа дейін жоғарылайды.

Батыс өңірлерде, керісінше, ауа температурасы түнде 0,-8°С, күндіз +7°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның басып кіруіне байланысты ауа температурасының төмендеуі болжанады.

Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста түнде -7-15°С-қа дейін, күндіз -5-11°С-қа дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18-26°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін, оңтүстік-батыста түнде 0,-5°С-қа дейін, күндіз +7+2°С-қа дейін төмендейді.

Бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5-13°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-қа дейін төмендейді

Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы аудандардан жылы ауа массаларының кезекті шығарылуымен аяздардың әлсіреуі болжанады.

Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желтоқсанның үшінші онкүндігінде түнде -27-35°С-қа дейін, күндіз -18-25°С-қа дейін қарқынды суық толқындардың қайтуы күтіледі. Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды деп болжанады.

Айдың ортасында оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын жылы ауа райы күтеді. Күндізгі ауа температурасы +10°С-қа дейін болжанады.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде солтүстік өңірлер мен тау бөктерінеқарлы боран мен желдің күшеюі күтіледі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауа райы болжамы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір