• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:11:30
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 30 қараша күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 751 адамнан коронавирус, 130 адамнан пневмония анықталған. 29 қарашада 7 адам коронавирустан, 4 адам пневмониядан көз жұмған.

1 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 25 694 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 395 пациент стационарда, 20 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 366 адамның жағдайы ауыр, 111 пациенттің жағдайы өте ауыр, 69 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы "Қызыл" аймақта.

Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

1 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 743 107 адам вакцинаның I компонентін, 8 105 460 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір