• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:56:11
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов үкімет отырысында "Омикрон" штамының пайда болуына байланысты елде бірқатар шектеу шаралары күшейтілетінін хабарлады.

– Коронавирустық инфекция "Омикрон" штамының жаңа нұсқасы пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады, – деді М. Шоранов.

Енгізілетін шектеу іс-шаралары төмендегідей:

  • Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуіне шектеу қойылады;
  • "Омикрон" нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуы енгізіледі;
  • "Омикрон"-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантиніне оқшауланады.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус штамм

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір