Алматыда Damu Business Group қауымдастығының таныстырылымы өтті. Қауымдастық отандық шағын және орта бизнестің өсуіне қолдау білдірумен айналыспақ.

Іс-шараға белгілі бизнесмендер қатысып, келушілерге ақыл-кеңестерін айтты. Олардың қатарында Болатбек Дәлелханұлы, Сырымбек Тау, Жалын Жайнарбай, Құмар Жұмахан, Мәулет Оразханұлы, Алмас Рысбеков, Асхат Махыметқан, Қуаныш Керімқұлов сынды кәсіпкерлер болды.

Спикерлер іс-шара барысында бизнесті дамыту жолдары, қаржыны сауатты басқару және дұрыс жоспарлау, бизнес жобаны жүйелі түрде жүзеге асыру, мемлекеттік мекемелермен жұмыс істеу жолдары және инвестиция тарту, салу сынды тақырыптар бойынша сөз сөйледі.

Таныстыру жиынына жиналған жас кәсіпкерлерге бизнесті жүргізу бойынша бағыт-бағдар беріп, жол сілтеді.

Жас кәсіпкерлер өз кезегінде бизнесте туындайтын түрлі мәселелерді шешу жолдарын сұрап, пікір алмасып отырды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір