• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:16:48
Алматы
+35°

G7 денсаулық сақтау министрлері дүйсенбіде Ковидтың жаңа "Omicron" нұсқасының бүкіл әлемге таралуына байланысты шекараны жабуға мәжбүрлеу шаралары жайында шұғыл жиналыс өткізеді. Сарапшылар жаңа штаммнан туындайтын қауіп деңгейін анықтау үшін талқы өткізбек.

Кездесуді G7 төрағасы Ұлыбритания көтерді. Ұлыбритания мутацияның жаңа нұсқасы анықталған елдердің қатарында.

Дүйсенбіде Жапонияның премьер-министрі Фумио Кишида "Біз дағдарысқа қарсы шараларды қолданып жатырмыз" деп мәлімдеді және жаңа нұсқаға байланысты барлық шетелдіктер Жапонияға кіруіне тыйым салатынын айтты. Тыйым сейсенбіде күшіне енеді.

Жапонияда халықтың 76%-дан астамы толығымен екпе алған. Кишида келесі айдан бастап вакцинациялауды күшейтетінін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл жоспар егде жастағы адамдар мен медицина қызметкерлерінен бастап, барлық адамдарға бағытталады.

Ковидтың "Omicron" штаммы алғаш рет Оңтүстік Африкада тіркелді. Жапония барлық шетелдік азаматтардың елге кіруіне тыйым салған Израильден кейінгі екінші ел. АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия және Канада сияқты елдер де саяхатқа шектеу енгізді.

Штамм осы уақытқа дейін Еуропа, Африка, Америка және Азияның оннан астам елінде анықталған. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ковид жаңа штамм

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір