• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:12:09
Алматы
+35°

Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 11 өңірінде ескерту жариялады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр болады деп күтіледі. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Түнде және таңертең 27 қарашада Ақтөбе облысының орталығында тұман болуы мүмкін.

Алматы облысының солтүстігінде және шығысында жел солтүстік-батыстан соғады, күші секундына 15-20 метр болуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. 

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр болатын жел тұрады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман болуы мүмкін.

Қарағанды облысының шығысы мен солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында бұрқасын ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстік-шығысында секундына 15-20 метр болады. 

Қызылорда облысының орталығында, 27-28 қарашада облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде секундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 23-28 метр болатын жел тұрады.

27 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман сақталады. Шығыстан жел соғады, 27 қарашада күндіз таулы аудандарында күші секундына 15-20 метр болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауа райы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір