• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:25:16
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 26 қараша күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 905 адамнан коронавирус, 91 адамнан пневмония анықталған. 25 қарашада 16 адам коронавирустан, 1 адам пневмониядан көз жұмған.

27 қарашадағы мәлімет бойынша, 27 183 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 691 пациент стационарда, 21 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 413 адамның жағдайы ауыр, 130 пациенттің жағдайы өте ауыр, 90 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы ғана Қызыл" аймақта.

Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

27 қарашадағы мәлімет бойынша 8 704 029 адам вакцинаның I компонентін, 8 042 531 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір