• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:57:04
Алматы
+35°

Алматы қаласында қоғамдық көлікпен жүру ақысы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы брифингте қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мәлімдеді. 

Бүгінде Алматыда 151 қалалық бағыт бар. Оның тең жартысына "Алматыэлектротранс" коммуналдық көлік паркі қызмет көрсетеді. Қалған бағыттар 20 жеке компанияның иелігінде. Тағы жекеменшік кіші компаниялар да бар. 

Құсайыновтың айтуынша, жаңа жылдан кейін жол тарифі құнында өзгеріс болуы мүмкін. 

– Бізде қоғамдық көліктерде ең төменгі тариф 80 теңге. Жолдың бағасы бұдан екі есе қымбат болуы керек. Жаңа жылдан кейін тариф құнын өзгерту жолын қарастырамыз. Тасымалдаушы компаниялар бағаны қазір-ақ көтеруге дайын тұр. Бірақ бұл мәселені біз халықпен ақылдасамыз. Қазір баға қаншалықты өсетінін айта алмаймын, –  деді ол.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір