• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:56:19
Алматы
+35°

12 қараша күні Ыстамбұлда өткен түркі кеңесінің саммитінен кейін Түркиядағы Ұлтшыл қозғалыс партиясының көшбасшысы Туран Бахчелинің президент Режеп Ердоғанға сыйлаған түркі әлемінің картасы Ресей баспасөзінде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Gercekgundem ақпарат агенттігі хабарлады.

РИА Новости хабарлағандай, Туран Бахчели Ердоғанға сыйға тартқан картада Ресейдің оңтүстігі мен Шығыс Сібір өңірлері Түркі әлеміне қосылғаны атап өтілген. Сондай-ақ картада Балқан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округі, сондай-ақ Моңғолия мен Иранның кейбір аудандары да бар.

Карта 12 қараша күні Ыстамбұлда өткен Түркі тілдес елдер ынтымақтастығы кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Ердоғанға сыйға тартылды.

Отырыста кеңес атауы "Түркі мемлекеттері ұйымы" деп өзгертіліп 2040 жылға дейінгі кезеңге арналған "Түркі әлемінің болашағы – 2040" құжатын қабылдау туралы шешімге қол қойылды.

Түркі кеңесіне Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан, ал бақылаушы ретінде Түрікменстан мен Венгрия қатысқан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Түркі кеңесі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір