• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:37:14
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы мәліметтерді жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 1083 адамнан коронавирус, 177 адамнан пневмония анықталған. 16 қарашада 23 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмған.

18 қарашадағы мәлімет бойынша, 31 475 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 454 пациент стационарда, 25 021 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 506 адамның жағдайы ауыр, 125 пациенттің жағдайы өте ауыр, 91 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта. Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

18 қарашадағы мәлімет бойынша 8 588 742 адам вакцинаның I компонентін, 7 884 832 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір