• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:33:02
Алматы
+35°

Жамбыл облысының полиция департаменті ауа райының күрт өзгеруіне байланысты тұрғындарға ескерту жариялады.

"Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолынан ескерту. Жамбыл облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ауа-райының күрт өзгеру салдарынан, барынша абай болуға шақырады" делінген ақпараттық хабарламада.

Сондай-ақ полиция департаменті Тараз қаласы аумағында желдің ұйытқу әсерінен тал бұтақтарының құлауы, бағдаршамдардың істен шығуы, электр сымдарының үзілу деректері болып жатқанын хабарлап, тұрғындарды алыс жолға шықпауға және көліктерін тал бұталарының астына қоймауға шақырды.

Бұған дейін синоптиктер 17-18 қараша күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын жауатыны, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жауатыны хабарланды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ДП Жамбылской области (@zhambyl_police)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір