• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

29 Қараша, 11:46:10
Алматы
+4°

20 жастағы вундеркинд Ақназар Қажымұраттың оқыс қазасына байланысты қосымша ақпараттар шыға бастады. Ulysmedia.kz сайты дарынды бала өзіне қол салған болуы мүмкін екенін жазады.

"2001 жылы 14 тамызда дүниеге келген Қажымұрат Ақназар Арманұлының қайтыс болу себебінің алдын ала болжамы – суицид. Мәйіт қонақүйден табылды. Мәйіттің жанынан табылған рюкзак дәрі-дәрімекке толы болған" делінген хабарламада. 

Алматы қалалық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары Рустам Әбдірахманов ақпаратты растамады, жоққа да шығарған жоқ.

– Қалалық полиция департаментіне хат жазыңыздар. Мен телефон арқылы ақпаратты растап, не жоққа шығара алмаймын,  – деді Әбдірахманов.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл сауалға жауап бермеді. 

Кеше, 5 қараша күні Алматыда жоғалған Ақназар Қажымұраттың қайтыс болғаны хабарланды.

Ақназар Қажымұрат Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі. ACT және SAT Subject Tests халықаралық емтихандарынан сүрінбей өтіп, ең жоғары ұпай жинаған.

Соның арқасында Американың кез келген үздік жоғары оқу орнын таңдауға мүмкіндік алған. Ол Гарвард университетінің грантын алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір