03 Қараша, 2021 NEWS
Фото: metroalmaty.kz
"Жолаушылар ағынының ұлғаюына және жолаушылардың көптеген өтініштеріне байланысты, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласының метрополитенінде пойыздар қозғалысының аралығы қарбалас уақытта 10 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады" делінген ақпараттық хабарламада.
Саяхат автовокзалы мен Абай-алтынсарин көшелерінің қиылысын жалғап жатқан Алматы метросы бүгінде 9 бекеттен тұрады. Жыл соңына дейін тағы екі бекет пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Жаңа бекеттер іске қосылғанда жолаушылар ағыны күніне 86 мың адамға дейін өседі деп болжанып отыр. Қазіргі кезде әрлеу жұмыстары жүріп жатқан "Сарыарқа" және "Б. Момышұлы" бекеттері Абай даңғылының астында, Алтынсарин даңғылынан Яссауи көшесіне дейін батыс бағытта орналасқан.
Бұдан бөлек Абай даңғылының астында, Яссауи шесінен Әшімов көшесіне дейін батыс бағытта "Қалқаман" бекетінің құрылысы жүріп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір