• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 14:53:04
Алматы
+12°

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында тұрғын үйдің шаруашылық нысандары өртеніп, өрт сөндірушілер келгенше екі газ баллоны жарылды, деп хабарлады Петропавловск.news сайты.

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бүгін таңертең болған. Өрт сөндірушілер келгенше үйдің жанындағы нысан, гараж бен монша өртеніп үлгерген. Уақытша тұрғызылған нысан ішіндегі екі газ баллоны жарылған. 

– Сағат 12-ден 8 минут кеткенде 101 пультіне М.Әуезов көшесі 82 үйде өрт шыққаны жөнінде хабар түсті. Жалын жайылмауы үшін өртке екінші деңгей берілді. Өрт сөндірушілер 5 минуттың ішінде жетті, олар келген кезде екі қабатты үйдің шатыры және үйдің кіре берісі отқа оранып үлгерген екен. Жалын 96 шаршы метр аумаққа жайылды. Алдын ала болжам бойынша, өрт пешті дұрыс қолданбаудан шыққан. Зардап шеккендер жоқ, өрт сағат 13.22 минут кеткенде толық сөндірілді, – дейді СҚО төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Орал Әбдірахманов.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Петропавловск Казахстан СКО (@sko_kz)




 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір