• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:03:54
Алматы
+35°

Шымкент қаласының орталық көшелерінің бірі Республика даңғылында түнгі жарықшамдар жаңартылды.

Даңғыл бойындағы ескі жарықшамдар екі деңгейлі жарықшамдарға ауыстырылып, жаяу жүргіншілер жолына қарай қосымша жарықшамдар орнатылды. Жарықтандыру жұмыстарының нәтижесінде көше бойындағы бағаналарға 296, ал жаяу жүргіншілер жолына 148 жаңа шамдар қойылды.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Республика даңғылында орнатылған жарықшамның бұған дейін қуаттылығы 15 люкс құраған болса, бүгінде олардың қуаттылығы 30 люксқа көтерілді.

Осы жылы тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасалынып жатқан жұмыстар барысында мердігер мекеме «ABM Building 2007» ЖШС тарапынан мегаполистегі 30 көшедегі жарықшамдар реконструкциядан өтіп, 104 көшеге жаңа жарықшамдар орнатылатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір