• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:34:30
Алматы
+35°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінде Шымкентте Халықаралық спорт додаларында жетістіктерге жетіп, еліміздің мақтанышына айналып жүрген оқушылар көп. Солардың бірі – Ерзат Каналбаев.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ол бүгінде қаламыздағы №23 мектеп-лицейінің 9 сыныбында оқиды. Жастайынан спортты жанына серік еткен Ерзат қалалық, республикалық ойындардың жеңімпазы. Атап айтар болсақ, 2018 жылғы Шымкентте өткен мектеп-интернат арасындағы таеквондодан республикалык турнирде 3-орын алса, 2019 жыл республикалык Астана ашық турнирінде 1-орын иеленді.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ал мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында таеквондодан 49 келі салмақ дәрежесінде І орын алды. 

Жастар арасында жарыстарда көптеген жетістіктерге қолжеткізіп жүрген Ерзат Каналбаев жақында Сербия қаласында «Дүниежүзілік мектеп ойындары» атты өткен таеквондодан жүлделі ІІІ орын иеленіп қайтты.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Талай байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп жүрген жас спортшы бүгінде «Спорт шеберіне» үміткер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір