• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:02:28
Алматы
+35°

Алматыда қатігездікпен өлтірілген Аяжан Еділованың ісі сотқа берілді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

– Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына зорлау, сондай-ақ ерекше қатыгездікпен адам өлтіру айыптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл іс жабық режимде қаралады, өйткені іс жыныстық сипаттағы жеке мәліметке қатысты.

Алдын ала тыңдау кезінде сотталушыға қатысты істі не алқабилер, не судьяның жеке қарау мәселесі шешіледі. Процессуалдық шешім қабылданғаннан кейін істі қарау күні туралы қосымша хабарланады, – деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасынұлы. 

19 наурызда Алматыда 19 жастағы Айжан Еділова жоғалып кеткен. 22 наурызда оны өлтіріп кеткені мәлім болды. Полиция "кісі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізіп, күдікті ретінде Түркістан облысының 1993 жылы туған тұрғынын ұстаған. Ол Аяжан Еділованың денесін бөлшектеп, қаладағы қоқыс жәшіктеріне лақтырып тастаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Аяжан Еділова

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір