• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:18:44
Алматы
+35°

Қазақстандық спортшы, фристайл бойынша ҚР құрамасының экс-мүшесі Александр Геберт өзінің instagram парақшасында бас бапкері оларды мемлекеттен күнделікті берілетін қаржыны өзіне аударуды талап еткенін мәлім етті.

Спортшының айтуынша, бас бапкері Елена Круглыхина спортшыларға берілетін күнделікті қаржыны өзінің картасына аударуды талап етіп отырған. 

– Мен ҚР спорт шебері болдым, халықаралық аренада және ел аренасында жақсы нәтижелер көрсеттім. 2020 жылы мені өз еркіммен құрамадан шығуға мәжбүрледі. Өйткені жаттықтырушыға менің "өзіме тиісті қаржыны неге біруеге беруіміз керек" деген сұрағым ұнамады. Әр маусым соңында біздің құраманың әр спортшысына күнделікті тамақ шығындары үшін ақша түседі. Мен бұны маған ақша аударылғанда білдім. Сол кезде бапкер спортшылардың ортақ чатына бұл ақшаның кімге келгенін және оны картаға немесе Kaspi нөміріне бір сағат ішінде аударк керектігін деп жазды.

Бұған менен басақ ешкім қарсы болмады. Ал "неге?" деген сұрақтарым үшін мені "үш әріпке" (боғауыз сөз - ред) жіберді. Олар маған психологиялық қысым көрсетті. Халықаралық жарыстарда, жаттығуларда да мені қорлайтын сөздер айтты. Бұны басқа спортшылар біледі, бірақ ұлттық құрамада жүргенде жалақысынан айырылудан қорқады, –  деді Александр. 

Александр қазір құрылыста еңбек етіп жүргенін, фристайл спортына 14 жылын арнағанын, Қазақстанның абыройын асқақтату үшін барын салып, халықаралық жарыстарда көптеген жарақат алғанын және мұндай әділетсіздікке лайық еместігін айтты.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от @gebert111

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Александр Геберт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір